Этнопсихологиядағы кросс мәдени знрттеу

Кросс-мәдениеттік этнопсихология — әртүрлі этностар мен ұлттардың рухани өмірін бір-бірімен салыстыру арқылы адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшіліктерін зерттейтін этнопсихологияның бір бағыты. Мұның кқрнекті өкілдерінің бірі, америка этнографы Мид Маргарет (1901-1978). Ол көптеген этнологиялық материалдарды талдай, табиғи және әлеуеттік факторлардың ара қатынасын салыстыра келіп, түрлі этностардың тұлғалық ерекшіліктерінің қалыптасу жолын, әсіресе баланың әлеуметтенуін зерттеу арқылы ұлттық мінез ерекшіліктерін көрсетті. Оның "Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық" (1964) атты еңбегінде мәдениет факторының, адамның психологиялық ерекшіліктеріне елеулі әсер ететіндігі айтылған.

45.Этнопсихологиядағы бақылау және тестілеу әдістері.

Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты.

Тест(сынақ) — психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.



46.Этнопсихологиядағы әлеуметтанушылық және эксперименттік әдістер.

Әлеуметтанушылар әлеуметтік өмірдің түрлі құбылыстары туралы эмпириялық материалдар жинастыру әдістерін анықтады және оны статистикалық түрде өңдеу техникасын әзірледі. Зерттеу техникасы мен ресімі бұл әдістерді танымал етті және оны тек әлеуметтанудан тыс қолданысқа енгізеді. Алғашқы ақпаратты сұрау арқылы жинаудың нақты әдісі алғаш рет педагогикада әзірленді де, оқушылар мен мүғалімдерді зерттеуде және мұғалімдердің әлеуметтік құбылыстарды бақылауда қолданылды.

Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.

47 Этникалык психологиядагы сауалнама әдісісұрау әдісі – алдын ала көтерілген сұрақтарға жауап субъектісінің бастап алу арқылы сұхбат және интервю арасындағы өзара іс-қимыл жүзеге асыру тұрады психологиялық ауызша және коммуникативтік әдіс. Басқаша айтқанда, сауалнама байланыс интервю және алдын ала тұжырымдалған сұраққа негізгі құралы ретінде әрекет Респондент болып табылады.



48.Этнопсихологиядағы анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент. Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.Ойлау психологиясында эксперименттіктің (лабораториялардағы қайта жаңғыртылу, құралдарды пайдалану) және клиникалықтың (жеке жағдайларды нақтылау талдауы) ерекшеліктерін сәйкестендіретін, “эксперименттік–клиникалық” әдіс жеткілікті кең қолданыс тапты. Айқындалып отырған процестің (көздік–қозғалыстық белсенділік, сөздік пайымдау, вегетатика) объективті индикаторларын политіркей отырып, зерттеушілердің жеке тапсырмаларды қалыптастыру және шешу процестерін жеткілікті тұтастай талдау мүмкін болады. Эксперименттерді жүргізуде зерттелушінің эксперимент жағдайына реакциясын, оның эксперинтатормен қарым–қатынасын ескеру маңызды.

Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялық–техникалық жаққа, ал екіншісінде–қажеттіліктік– мотивациялыққа. 49 Этнос және халық Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәу- елділігімен түсіндірілді. Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен.

50.Әртүрлі ғалымдардың этностардың пайда болу мәселесіндегі көзқарастары

Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады.

Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос — сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” — белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi

Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”

51.Этнопсихология мәселелері: мәдени бейімделу және этникалық кикілжіңдер.

Мәдени бейімделу - жаңа мәдениетке интеграциялану, оны түсіну, сол ортаның қарым-қатынас түр-сипатын белгілі бір мөлшерде қабылдау.

Этностық кикілжің — топаралық кикілжіңнің түрі; этностық белгілермен, қызығушылықтармен топтардың қарама-қарсы топтарға бөлінуі. Этностан тыс саяси-әлеуметтік және экономикалық қайшылықтар этностық кикілжіңнің қайнар көзі болып табылады. Этноцентризмнің өсуі мен этностық кикілжің күшейеді. Этаоцентризм өзінің этникалық қоғамдастығын басқа этникалық топтардың жинақталатын орталығы ретінде қалыптасатын елестер. Өз халқының бейнесінің нақты қысқартылған түрлері сияқты елестер немесе иррационалды елестердің жалпыға тән жиынтығы (жалпылық сананың психологиялық құрылымдықтары ретінде) болады


7395738770867734.html
7395768700781515.html
    PR.RU™